Алматыда «Батыр из прошлого» фильмінің түсірілімі жүріп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Батыр из прошлого» фильмінің түсірілімі жүріп жатыр

13.05.2023

Алматыда шытырман оқиғаға толы «Батыр из прошлого» фильмінің түсірілімі жүріп жатыр. Кино - «Tiger Films» компаниясының туындысы. Қызыққа толы фильм туралы келесі материалда.

Фильм желісі бойынша Алтын Орданың елшісі болған Елтебер батыр XIV ғасырдан XХI ғасырға тап болады. Кері қайтуға тырысқанымен, ол әрекетінен түк шықпайды. Түсірілім тобы осы арқылы қазақи құндылықтарға мән беруге тырысқан.

Дархан Сәркенов, фильмнің режиссері:

Ұмытылып кеткен кейбір қазағымыздың салт-дәстүрлерін, салыстырмалы түрде осы батыр арқылы халыққа көрсету. 01:53 Бұл комедия болғанымен, өзінің айтар ойы терең туынды болмақ.

Актерлер комедия жанрында түсіріліп жатқан фильмнің көрермен көңілінен шығарына сенімді. Себебі, әзіл арқылы салмақты ой айтылады, дейді.

Олжас Әлжанов, актер:

Қазіргі заман жалпы өзгеріп кеткені туралы, құндылықтардың өзгергені, жігіттің жігіт болуы, Маңызды тақырыптарды қозғап кетеді. Сондықтан бұл жобаның ертеңгі күні көремендерге айтары көп.

Рамазан Амантай, актер:

Бір заңдар бар ғой. Кино біткенше немесе сомдап жатқан спектаклің болсын біткенше рөлді іздеуге хақың бар деген. Сондықтан әлі де іздеп жатырмын.

Фильм осы жылдың соңына қарай еліміздің барлық кинотеатрынан көрсетіледі деп жоспарланған. «Tiger Films» компаниясы 2021 жылы толықметражды фильм түсіру және консультациялық қызмет көрсету мақсатында құрылған. Екі жылдың ішінде 20-дан аса кинокартина түсірген.

Қуан Нұрақын


Хабарламаларға жазылу