«Дара» бәйгесіне қатысушылар жолға шықты
Алматылық студенттер «Qazaqstan» Ұлттық арнасы ұйытқы болып отырған жаңа телевизиялық интеллектуалды жобасына қатысу үшін жолға шықты. Түсірілім бірер күнде Астанада басталады. Оған сайдың тасындай іріктелген елдегі үздік жоғары оқу орындарының 32 командасы қатысады. Әр командада 6 студенттен, барлығы 200-ге жуық зерек жас бақ сынайды. Жоба «Кім жылдам?», «12», «Жұмбақ жәшік» сияқты кезеңдерден тұрады. Әр кезеңде сайысқа түсуші командалар түрлі сауалдарға жауап беруі керек.
Мұрат Қайсар, студент:
Бұл жарыс бізге біріншіден, білім көкжиегінің кеңеюіне өзінің септігін тигізеді. Және жаңа таныстармен керемет қалаға барып, басқа ортада телевизиялық бағдарламаның мүшесі болу арқылы өте үлкен өмірлік тәжірибе жинаймыз деген сенімдемін.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04