Медеудегі өртті өшіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Медеудегі өртті өшіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр

11.05.2023

Медеудегі өртті өшіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Бұл туралы қалалық Төтенше жағдай департаменті мәлімдеді.

Жалын ауыздықталған бірақ әлі толық өшірілмеді. Сондай-ақ, бүгін Петропавлда техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Бұл шара өрттен зардап шеккен тұрғындарға өтемақы беру процессін жеделдетуге септігін тигізбек.

Естеріңізге сала кетсек, 7 мамыр күні Береке ықшам ауданында қамыс тұтанып, қызыл жалын үйлерге жеткен еді. Салдарынан 11 отбасы баспанасыз қалды. Мамандар жанып кеткен үйлерді бағалау үшін сараптама жүргізетін компания іздестіріліп жатқанын жеткізді. Ал тілсіз жаудан жапа шеккендердің барлығы қалалық әкімдік 2 айға жалдаған пәтерлерге қоныстанып үлгерді. Олардың басым бөлігінің жеке куәліктеріне дейін жанып кеткен. Көпшілік бүгін құжаттарды қалпына келтіруге өтініш бере бастады. Ал шаһар тұрғындары 3 күннен бері қиын жағдайға тап болған азаматтарға гуманитарлық көмек жинауда. 

Эльмира Кәленова               

Хабарламаларға жазылу