Ақтауда көпқабатты тұрғын үй кіреберісінің маңдайшасы опырылып, 1 адам көз жұмды
Ақтауда көпқабатты тұрғын үй кіреберісінің маңдайшасы опырылып, 1 адам көз жұмды. Тағы бір тұрғынның аяғы сынып, ауруханаға жеткізілді.
Аягөз Оралбайқызы, тілші:
Оқиға 9-шағын аудандағы 4-үйде, бүгін сағат 11:00 шамасында болды. Коммуналдық мекеменің жұмысшылары жоспарлы түрде, кіреберістердің бірінің бетон маңдайшасын құлатып, жаңасына ауыстырмақ болған. Куәгерлердің сөзінше, 3 адам күнқағардың үстіне шығып, бетонды қирата бастаған. Сол кезде құрылыс опырылып, жұмысшылардың бірі астында қалды. Жарақатының ауырлығынан 53 жастағы адам осы жерде көз жұмды. Қалған екі жұмысшы ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер зардап шеккен науқастардың тексеріліп жатқанын жеткізді. Бірінің аяғы сынған. Жалпы 2 науқастың да жағдайы тұрақты дейді. Осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, сараптама тағайындалған.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан Адам дамуы деңгейі бойынша әлемдегі үздіктер қатарына енді
24.07.2026, 12:28
Болашақ ойындарында мыңға жуық волонтер қызмет етеді
23.07.2026, 20:45
ШҚО-да республикалық ардагерлер ұйымының кеңесі өтті
23.07.2026, 20:40
Еңбек нарығында оң динамика байқалады
23.07.2026, 20:38
Елімізде жеке ортездер шығаратын алғашқы мемлекеттік өндіріс іске қосылады
23.07.2026, 20:35
4 700-ден астам адам ағза ауыстыруға мұқтаж
23.07.2026, 20:29
Алматыда бесінші қабаттан құлаған 4 жасар бала аман қалды
23.07.2026, 20:23
Ресейде су тасқыны үйлерді шайып кетті
23.07.2026, 20:22