Еуропа кибербуллингпен күресті күшейтпек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропа кибербуллингпен күресті күшейтпек

11.05.2023

«Еуропаға кибербуллингпен күрес туралы ортақ заң керек». Еуропарламент депутаттары осыны талап етуде. Себебі қарт құрлық елдерінде әлеуметтік желіде әлімжеттік жасау күшейген. Бір ғана Германияда соңғы үш жылда елдегі 11 млн оқушының 2 миллионы кибербуллингке ұшыраған. Салдарынан әр төртінші бала суицид жасауды ойласа, әр бесінші бала бойындағы үрейді ішімдікпен, есірткімен басуға әуестенген. Ирландияда өз-өзіне қол салған қыздың оқиғасы қоғамдық резонанс тудырып, үкімет кибербуллинге қарсы заң қабылдады. Енді әлеуметтік желіде өзгелерге қоқан-лоқы көрсеткендер 7 жылға бас бостандығынан айырылады. «Дәл осындай заң Еуропалық Одақта қабылдануы тиіс», - дейді мамандар.

Нэль Брудаертс, «Child focus» ұйымы кибербуллингтің алдын-алу жөніндегі бөлімінің директоры:

Қазір ғаламторда қоқан-лоқы көрсеткендер расизм, ксенофия, сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық баптары бойынша жазаланады. Бұл жеткіліксіз. Еуропа елдеріне ортақ кибербуллинге қарсы заң керек.

Нұрсұлу Қасым

Хабарламаларға жазылу