Маңғыстауда итбалықтардың қырылу себебі анықталуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстауда итбалықтардың қырылу себебі анықталуда

10.05.2023

Маңғыстауда Каспий теңізінің жағалауынан табылған итбалықтарға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Айта кетейін, осыдан 4 күн бұрын Түпқараған ауданы Баутино ауылы маңындағы жағажайдан 15 итбалықтың және 4 бекіре тұқымдас балықтың өлексесі табылған болатын. Осыған байланысты қылмыстық іс қозғалып, жануарлардың өлу себептері анықталып жатыр. Ал экологтар оқиға орнында судан және ауадан бірқатар сынама алды.

Жақсығали Іздібаев, Облыстық балық инспекциясы басқармасының басшысы:

Қазіргі таңда да жұмыстар жүргізіліп жатыр. Табылған жануарлардың шоларының ыдырау деңгейі өте жоғары болғандықтан гистологиялық сынама алу мүмкіндік болмады. Биылғы осы үшінші жәйт осы бізде тіркеліп отырған.

Аягөз Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу