Шымкентте 18 құрылыс компаниясы жазаға тартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте 18 құрылыс компаниясы жазаға тартылды

10.05.2023

Шымкентте жылжымайтын мүлікті дәйектеме құжаттарынсыз сатуға әрекеттенген құрылыс компаниялары жазаға тартылды. 2021-2022 жылы «krisha.kz» сайтында жарияланған хабарламаларға сараптама жүргізу барысында 18 құрылыс компаниясының үлескерлерден заңсыз ақша алғаны белгілі болды. Олар жергілікті атқарушы органдардың тиісті рұқсатынсыз тұрғын үй кешендерін өз беттерінше салып, пәтерлерді қалауынша саудалауға әрекет жасаған. Мұнан бөлек, 2023 жылы тұрғын үй кешендерінің құрылысын жүргізу барысында үлестік қатысу туралы заңнама талаптарын бұзған 4 тұрғын үй кешеніне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылып, сотқа жолданды. Сот шешімдері негізінде оларға 1 мың 200 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.

Нұржан Төребаев, Шымкент қаласы прокурорының аға көмекшісі:

Анықталған заңбұзушылықтар бойынша тиісті ықпал ету актілері енгізіліп, 18 мердігерді әкімшілік жауапкершілікке тартты. Әрбір мердігерге 300 айлық есептік көрсеткіш айппұл салынды.

Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу