Алматыда болған өрттің неден шыққаны белгісіз
Алматыдағы Іле-Алатау ұлттық паркінің аумағында болған өрттің де неден шыққаны белгісіз. Оны арнайы мамандар анықтауға кірісті. Бүгінде жалын толықтай өшірілді. Оған 3 тікұшақ, жүзге жуық адам мен бірнеше техникалар жұмылдырылған. Өртті сөндіру кезінде бір адам қаза тапты. Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері Арслан Құрманбековтың үстіне ағаш құлап кеткен. Сержант алған жарақатынан қайтыс болды. Ол азаматтық қорғау органдарында 2015 жылдан бері жұмыс істеген. Жауапты мамандар қайғы жамылған отбасына қолдау көрсетілетінін жеткізді. Әріптестері оның жұмысына жауапты әрі кәсіби маман болғанын айтып еске алды.
Санжар Тайсариев, қалалық №7 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі:
Ақ көңіл, тік мінезді, өжет бала болатын. Бір бөлімде, бір бөлімшеде 8 жылдай жұмыс істедік.Таудың беткейінде құрғақ ағаш пен шөп жанып, сол жерге барған кезде абайсызда Арсланның үстіне жанып тұрған ағаш құлап кетті.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17