Президент «Отан ана» монументіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты.
Қатысушылар екінші дүниежүзілдік соғыс кезінде қаза тапқан жауынгерлеріміздің рухына бір минут үнсіздікпен тағзым етті. Содан кейін президенттік оркестр Мемлекеттік әнұранды орындап, Құрмет қарауылы ротасы шараға қатысушылардың алдынан салтанатты түрде сап түзеп өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев ардагерлермен әңгімелесіп, әрқайсысын жеңіс күнімен жеке құттықтады. Барша отандасымызға зор денсаулық, амандық тіледі.
Мануар Жұманова, тыл ардагері:
Шешем 16 сағат жұмыста істеді. Тоқыды. Бәрін фронтқа жібердік. 4 баламен шешем қалды. Бәрібір бізді асырады. Еліміз аман болсын. Денсаулық зор болсын. Жамбылдың жасын берсін. Абайдың жолын берсін.
Сауман Героев, тыл ардагері:
Қазақстан жеңіске үлкен үлес қосты. Біздің батырларымыздың аты-жөні қазір баршаға мәлім. Қазақстандықтар тек ұрысқа қатысып қоймай әскерімізге талдан да қолдау көрсеттік. Қазақ халқы соғыс кезінде босқынға айналған қанша жұртты бауырына басып, аман алып қалды.
Роза Бейсенова, тыл ардагері:
Бүгінгі мамыр күні, Отан қорғау күні жастарға деген үлкен саясат ретінде де, адамгершілік қасиет ретінде де біздің желбіреген көк туымызды аспанға көтеретін керемет жастар өсіп келе жатыр. Мағжан Жұмабаевтың сөзімен айтқанда мен сенемін жастарға.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
1,8 млн гектар алқапқа химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді
27.07.2026, 19:55
Франция мен Испанияда 330 мыңнан астам адам эвакуацияланды
27.07.2026, 19:52
АҚШ пен Иран атысты уақытша тоқтатты
27.07.2026, 19:51
«Qazaqstan» телеарнасында ұлттық теледебат өтеді
27.07.2026, 19:50
Саяси додаға түсетін 7 партия өңірлерді аралап, үгіт-насихат жұмыстарын белсенді жүргізіп жатыр
27.07.2026, 19:44
ІІМ жасөспірімдерді жеке мәліметтерді жарияламауға шақырады
27.07.2026, 19:43
69 перинаталдық орталық тексеріледі
27.07.2026, 19:41
Қаржылық мониторинг агенттігі жарты жылдық жұмыс қорытындысын жариялады
27.07.2026, 19:40