Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы дипломатиялық қатынас орнағанына отыз бір жыл. Айтулы датаға орай, Корея елшілігінің қызметкерлері мен KOYKA қауымдастығы өкілдері 31 түп шырша ағашын отырғызды. Мақсат - әлемдегі климаттың өзгеруі мәселесіне назар аударту. Ұйымдастырушылар экологияны қалыпқа келтіру үшін көгалдандыруды қолға алу керек деп есептейді.
5464 Ян Се Бёк, Қазақстандағы Корея елшілігінің бірінші хатшысы:
Біз өткен жылы 30 жылдық мерейтойымызды атап өттік. Сонымен бірге, 2022-2023 жылдары екі елдің Үкіметі «Өзара мәдени алмасу жылы» деп жариялады. Биыл «KOYKA» түлектерімен бірлесіп, бірінші іс-шарамызды өткіздік. Тиісінше, оның маңызы орасан зор.
Ардақ Қожатаева, Қазақстандағы «KOYKA» қауымдастығының президенті:
Біз осындай экологиялық шаралар ұйымдастырамыз жыл сайын. Осы жылғы көктемнің шуақты күнінде бірінші экологиялық шарамыз деп айтсақ болады. Бүгін біз 31 тал егуді жоспарлап отырмыз.
Асылбек Данияр
