Елде конструктор-автокөліктерді заңдастыруға рұқсат етілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елде конструктор-автокөліктерді заңдастыруға рұқсат етілді

05.05.2023

Қазақстанда конструктор-автокөліктерді заңдастыруға рұқсат етілді. Яғни кедендік тазартудан өтпеген, құжаты дұрыс емес, елге қосалқы бөлшек ретінде кіргізілген көліктер жеңілдікпен тіркеуге қойылатын болды. Үкімет заңдастыруға мүмкіндік беретін ережелерге өзгертулер енгізді. Алайда бұл көліктердің қосымша шектеулері болады. Данияр Мәкешовтың ресейлік нөмір таққан көлігі бар. Белгілі шектеулерге байланысты осы уақытқа дейін тіркеуге қою мүмкін болмапты. Науқан бастала сала өзінің ғана емес өзгелердің де осындай мәселесін шешу үшін белсенді топпен бірге еңбек етіп жүр. Бүгінгі шешім біздің сұрауымызды толық қанағаттандырмады дейді ол.

Данияр Мәкешов, белсенді топтың мүшесі:

Бір көңілден шықпайтын зат Бүкіләлемдік Сауда Ұйымының нормасын пайдаланбағандары. БСҰ-ның нормасында, мысалы, айтылады. Қазақстанның ішінде бір мемлекеттің ішінде бір-біріне сатуға құқылы халық. Бірақ та бізді бұдан шектеп қойды. Біз, мысалы, бұны еш қай жерге де сата алмаймыз.

Бұл көліктердің техникалық паспортында меншік иесін ауыстыруға тыйым салу туралы жазба болады. Және тек Қазақстан аумағында жүруге рұқсат етіледі. Алғашқы тіркеуге қою алымы өзгермейді. 200 мың теңге. Утилизациялық алым мүлде жоқ. ҚР Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, акция басталғалы Республика бойынша 107 мыңнан астам көлік заңдастырылған. Сонымен қатар 14 мыңға жуық конструктор-автокөлік анықталған.

Арай Құлтұқаева, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы:

Автокөліктерді заңдастыруға өтінімдерді екінші деңгейдегі банктер арқылы және Egov порталы арқылы беруге болады. Тіркелуге қандай құжаттар қажет?

Өзгеріс енді қабылданып жатыр. Сондықтан көп азамат шілдеге дейін көліктерін тұрақты тіркеуге қойып үлгермеуі мүмкін. Сондықтан тіркеу мерзімін тағы ұзартуды сұраймыз дейді белсенді топ мүшелері. Ал бұл санатқа жататын көліктерді тіркеу 15 мамырда басталады.

Оңғар Алпысбайұлы


Хабарламаларға жазылу