Жылу және газбен қамтамасыз етуге 3,7 млрд теңге бөлінеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жылу және газбен қамтамасыз етуге 3,7 млрд теңге бөлінеді

05.05.2023

Ақтау мен қалаға жақын маңдағы ауыл тұрғындарын жылу және газбен қамтамасыз етуге Үкімет резервінен 3,7 млрд теңге бөлінеді. Ұзындығы 52 шақырым болатын газ құбыры шаһардағы жаңа шағын аудандар мен Мұнайлы ауданындағы Қызылтөбе, Дәулет, Баянды ауылдарын жылумен және газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар Түпқараған ауданындағы Ақшұқыр мен Сайын Шапағатов елдімекендері жылу мен көгілдір отынға қол жеткізеді. Жоба құрылысы Каспий энергетикалық хабының сыртқы инфрақұрылымын дамыту аясында жүргізіліп жатыр.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу