Абай облысындағы Ақсуат ауданында кәсіби көкпаршылар көбейіп келеді
Абай облысындағы Ақсуат ауданында ұлттық спорт-көкпар дамып келеді. Өңірде бұрындары ескерілмей келген ұлттық ойынның бұл түрімен шұғылданатындардың саны артқан. Әр ауылдан арнайы құрылған командалар - мереке сайын бақ сынасады. Қазір ауданда батылдық пен ептілікке баулитын дәстүрлі ойынмен кәсіби түрде 250-ге жуық палуан шұғылданады. Жер аяғы кеңейгеннен бері аудандағы әрбір ауылда эстафеталық көкпар өткізу дәстүрге айналған. Көктемгі сайыстар Кіндікті ауылында түйінделді. Өңір спортшылары енді республикалық сайыстарға қатысып бақ сынауға дайынбыз деп отыр.
Айтбек Рақымбаев, көкпаршы:
Эстафеталық көкпар өткізіп жатырмыз. Биылғы жылы көкпар жақсы дамуда. Жастар ойнап, сол көкпарды дамыту мақсатында міне, ат алып жатырмыз. Ұлттық спорт болғаннан кейін әрбір қазақ атқа мінсе деймін.
Ержан Жақып
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06