Маңғыстауға соңғы 2 жылда саяхаттап келген туристер саны 6%-ға артты
Маңғыстауға соңғы 2 жылда саяхаттап келген туристер саны 6 %-ға артты. 2021 жылы өңірге 29 мың шетелдік келсе, былтыр бұл көрсеткіш 41 мыңға дейін өскен. Аймақта туристер ерекше қызығушылық танытатын 200-ге жуық тарихи-мәдени орын бар. Саяхатшылар көбіне түбектің оңтүстік беткейіндегі «Бекет ата» жерасты медресе-мешіті мен «Бозжыра» шатқалына барады. Соңғы кездері Таушық ауылының іргесіндегі «Шахта», «Жалбырттың сайы», «Сартас» пен «Шақпақ ата», «Сұлтан үпі» жерасты мешіттеріне келушілер көбейген. Былтыр Сартас шығанағы аумағында арнайы орталық ашылған болатын. Содан бері мұнда мыңға жуық турист келді.
Ербол Байжігітов, орталық директоры:
90 пайызы шетел азаматтары. Сингапурдікі, Италиянікі, жапондық туристер де бар. Мамыр айына брондар барлықтары бар. Қарқынды түрде Алматы, Астана қаласының туристік компанияларымен жұмыс жасап жатырмыз.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан Адам дамуы деңгейі бойынша әлемдегі үздіктер қатарына енді
24.07.2026, 12:28
Болашақ ойындарында мыңға жуық волонтер қызмет етеді
23.07.2026, 20:45
ШҚО-да республикалық ардагерлер ұйымының кеңесі өтті
23.07.2026, 20:40
Еңбек нарығында оң динамика байқалады
23.07.2026, 20:38
Елімізде жеке ортездер шығаратын алғашқы мемлекеттік өндіріс іске қосылады
23.07.2026, 20:35
4 700-ден астам адам ағза ауыстыруға мұқтаж
23.07.2026, 20:29
Алматыда бесінші қабаттан құлаған 4 жасар бала аман қалды
23.07.2026, 20:23
Ресейде су тасқыны үйлерді шайып кетті
23.07.2026, 20:22