Ақсу қаласының жер қатынастары бөліміне кешенді тексеру жүргізіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақсу қаласының жер қатынастары бөліміне кешенді тексеру жүргізіледі

04.05.2023

Павлодар облысы Ақсу қаласының жер қатынастары бөліміне, облыстық прокуратура, мемлекеттік қызмет істері агенттігі және басқа да бақылаушы органдар кешенді тексеру жүргізетін болды.

Естеріңізге сала кетейік, Алғабас ауылдық округі аумағында тауарлы-сүт фермасын салып жатқан кәсіпкерге сол маңдағы балық өсіретін шаруашылықтың жері, бұған қоса ауыл тұрғындарына тиесілі жайылымның заңсыз берілгені жайлы өткен жаңалықтарымызда айтқан болатынбыз. Кейін бұл дерек сот арқылы дәлелденді. Тіпті, өкілетті орган құрылыс уақытша тоқтатылсын деп шешім қабылдаған болатын. Бірақ бұның бірі де орындалмаған. Оның үстіне басқа да кәсіпкерлердің жерлерін заңсыз қайтарып алып, басқа адамға беріп жіберу дерегі мәлім болды.


Хабарламаларға жазылу