50 мыңға жуық қазақстандық өзін банкрот деп жариялау туралы өтініш берген
Ел ішінде 50 мыңға жуық қазақстандық өзін банкрот деп жариялау туралы өтініш берген. Мұны Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті жариялады. Алайда 36 мыңға жуық азаматтың өтініші кері қайтарылған. Себебі, олардың берешегі бар болып шыққан. Кейбір азаматтар банкроттыққа өтінішті үсті-үстіне жіберіп жатқан көрінеді. Тіпті, бір азаматтың 16 рет өтініш жолдаған жағдайы тіркелген. Сол сияқты өтінішке жауап қайтарылса да, қайта жіберетіндер де бар.
Айта кету керек, өтініш қанағаттандырылмаған жағдайда, араға үш ай салып барып қайта беруге болады. Сондықтан егер банкрот атануға өтініш бергіңіз келсе, қажетті мәліметтерді кредиттік бюродан алдын ала біліп алғаныңыз абзал. Банкрот мәртебесін алуға өтініш қабылдау әлі жалғасып жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жаһан жаңалықтарына шолу
10.06.2026, 20:52
Су айдындарындағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді
10.06.2026, 20:50
Абай атындағы мемлекеттік сыйлықты беру жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтті
10.06.2026, 20:47
Таза көшелерде маңдай тердің табы бар
10.06.2026, 20:46
3 жылда Бибісара Асаубаеваға 700 млн теңге қолдау көрсетілген
10.06.2026, 20:44
Ертең футболдан Әлем чемпионаты басталады
10.06.2026, 20:42
«Digital Qazaqstan» жалпыұлттық стратегиясы бекітілді
10.06.2026, 20:14
Ескі үйлер арзандап, жаңасы қымбаттады
10.06.2026, 20:12