Ресей Қазақстаннан 8,5 млн гектар алқапты жалға алып отыр
Ресей Қазақстаннан 8,5 млн гектар алқапты әскери полигон ретінде жалға алып отыр. Жалға беру шарты 1999-2030 жылдарды қамтиды. Бірақ жалға беру құны 2005 жылдан бері өзгермеген. Осыны айтқан «Ауыл» фракциясының депутаты Серік Егізбаев бүгін Үкіметке депутаттық сауал жолдады. «Алып отырған ақша жерді қайта қалпына келтіруге де жетпейді», -деді.
Серік Егізбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ауыл» фракциясының мүшесі:
Тез арада Ресеймен келіссөздерді бастау керек. Ең алдымен сынақ полигондарын кішірейтіп, жерді ауыл шаруашылығына пайдаланған абзал. Жалға алу бағасын елеулі көтеру керек. Түскен қаржы іске жаратуға жеткілікті болғаны дұрыс. Қаражат ол жерді қайта өңдеуге жұмсалғаны игі. Үкімет те нақты шешім қабылдауы керек. 2030 жылы жалға беруді жалғастырамыз ба, жоқ тоқтатамыз ба?
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бақдәулет Ұлттық арна ұжымымен танысты
08.04.2026, 20:57
Алматбек Аманбек грек-рим күресінен Азия чемпионы атанды
08.04.2026, 20:49
Қытайлық ащы өнімдердің 75%-ы талапқа сай емес
08.04.2026, 20:22
Атты полицей адасқан баланы жапан даладан тапты
08.04.2026, 20:17
Үкімет халықтың табысын 2–3 пайызға арттыруды мақсат етіп отыр
08.04.2026, 20:16
Ұлттық банк: Теңге – Орта Азиядағы ең тұрақты валютаның бірі
08.04.2026, 20:14
Алакөл жағалауында жазғы маусымға дайындық жүріп жатыр
08.04.2026, 20:10
Трамп Тегеранның атысты тоқтату туралы ұсыныстарын қабылдады
08.04.2026, 20:10