Ақтауда 3 баласын өлтірген күдіктінің «Жусан» бағдарламасына қатысы жоқ
Ақтауда 3 бірдей баласын өлтірген тұрғын қазақстандықтарды Сириядан қайтару жөніндегі «Жусан» бағдарламасының қатысушысы емес. Бұл туралы Маңғыстау облыстық полиция департаменті хабарлады.
Ал бұған дейін кейбір БАҚ-та күдіктінің «Жусан» операциясы аясында елге қайтарылғандығы туралы айтылған еді. Айта кетейік, қайғылы оқиға биыл наурыз айында Ақтау қаласындағы 27-шағын аудандағы пәтерлердің бірінде болды. Тапа-тал түсте 7, 9 және 12 жастағы өзінің туған балаларын асқан қатыгездікпен өлтірген 36 жастағы тұрғын қамауға алынды. Күдіктіге қатысты тергеу амалдары әлі жалғасуда.
Әйгерім Ибатуллаева, Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы:
Учаскелік полиция инспекторының ағымдағы жылдың наурыз айында балаларды өлтірген Ақтау тұрғыны қазақстандықтарды Сириядан қайтару бойынша «Жусан» бағдарламасының қатысушысы болғандығы және есепте тұрғандығы туралы түсініктемесі қайта тексерілді. Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейтіні анықталды.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Үкіметте жазғы лагерьге дайындық пысықталды
27.04.2026, 20:21
ТМД-да теңдесі жоқ TopIQ Smart Class іске қосылды
27.04.2026, 20:19
«Сириус» халықаралық білім беру жобасын іске асыру жалғасып жатыр
27.04.2026, 20:17
50 000 бас мал бордақылауға арналған кешен ашылды
27.04.2026, 20:15
Иттердің адамға шабуылдауы жиіледі
27.04.2026, 20:14
Зиянкестерді улау жұмыстарына дрон қолданылады
27.04.2026, 20:13
«SuperStar KZ» жобасына іріктеу аяқталды
27.04.2026, 20:11
Астанада балалар мінген аттракцион құлады
27.04.2026, 20:10