Қостанайда орман өртіне қатысты сот басталды
Қостанайда былтыр Әулиекөл ауданында болған алапат орман өртіне қатысты сот басталды. Айыпталушы –2019-2022 жылдары «Басаман» орман шаруашылығының директоры міндетін атқарған Асқат Жәкішев.
Дәуренбек Әбдібек, тілші:
Асқат Жәкішевке қызметін асыра пайдаланды, жауапсыздық танытты, салдарынан Әуликөлдегі орман өртіне жол берді деген айып тағылып отыр.
Айыптаушылардың айтуынша, ол қызметке кіріскен күнінен бастап бас пайдасы үшін ағаш кесуге учаскелерді заңсыз беріп келген. Бұл әрекетін өрт қаупі басым кезде де тоқтатпаған. Банктегі есеп-шотына 3 жылда 15 миллион теңгеден аса қаржы түсіпті. «Ал осыған дейін Әулиекөл аудандық сотымен орман өртінің тұтануына кінәлі деп танылған механизатор Александр Рапейко ісіне де Асқат Жәкішевтің қатысы бар. Себебі бұл кезде 5-деңгейлі өрт шығу қаупі туындағандықтан орман ішінде қандай да жұмыс түрін жүргізуге тыйым салынуы тиіс еді. Соны біле тұра Асқат Жәкішев салғырттық танытқан», - дейді айыптаушылар. Күдікті өзіне тағылған айыптарды мойындаған жоқ. Сот әлі жалғасады.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстанда құрылыс жұмыстарының көлемі 5 трлн теңгеден асты
19.08.2026, 13:36
ЖИ орталығында алғаш рет халықаралық форум
19.08.2026, 13:23
Қытай қайта қонатын зымыранды сынады
19.08.2026, 13:20
29 штат Meta компаниясын сотқа берді
19.08.2026, 13:17
27 мың талапкер тамыз ҰБТ-сын тапсырды
19.08.2026, 13:15
Қарағандыдағы 5 мыңнан аса үйге газ қосылады
19.08.2026, 13:12
Әлеуметтік маңызы бар 11 ауру белгісі болса, тегін қызмет көрсетіледі
19.08.2026, 13:09
ТМД байқаушылар миссиясы сайлауалды жұмысқа оң баға берді
19.08.2026, 13:06