Көкшетауда 60 отбасы баспаналы болды
Көкшетау қаласында талай жылдан бері үй кезегінде тұрған 60 отбасы баспаналы болды. Жаңа пәтерге қоныстанғандардың қатарында көпбалалы аналар, зейнеткерлер мен Ауған соғысының ардагерлері бар. Бүгінде облыс орталығында кезекте тұрған тұрғындар үшін 8 тұрғын үй салынып жатыр. Соның екеуі ел игілігіне берілген. Ал қалған 6 баспананың құрылысы жыл соңына дейін аяқталады, - дейді жергілікті билік. Осының арқасында биыл 400-ге жуық азаматқа пәтер кілті табысталмақ. Жалпы қазіргі уақытта Ақмола облысында 20 мыңнан астам адам баспана кезегінде тұр. Оның 8 мыңы - Көкшетау қаласының тұрғындары.
Өлмес Молдағалиева, қала тұрғыны:
Пәтер кезегінде 20 жылға жуық уақыт тұрдым. Өзім бір бөлмелі үйге өтініш бергенмін. Сол пәтер, міне, бүгін тиіп, бұйырып отыр. Өте ризамын.
Ұмсындық Наурызбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ерекше» фильмінен түскен қаржы қорға аударылды
15.05.2026, 13:27
Қостанай облысында орман алқабын түлете бастады
15.05.2026, 13:25
Қазақстан мен Ресей білім саласында әріптестікті арттырады
15.05.2026, 13:22
Адам папилломасына қарсы вакцина 14 пен 17 жас аралығындағы қыздарға да тегін салынады
15.05.2026, 13:20
Зейнетақы жинағындағы шекті меже қайта есептеліп жатыр
15.05.2026, 13:17
Үндістанда қатты дауылдан 111 адам мерт болды
15.05.2026, 13:11
Мемлекет басшысы Үндістан Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады
15.05.2026, 13:08
Сарапшы: Кедендік рәсімдеулер цифрландырылуы керек
15.05.2026, 13:05