Көкшетауда 200-ден аса отбасы баспаналы болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкшетауда 200-ден аса отбасы баспаналы болды

07.03.2014
Көкшетауда 200-ден аса отбасы баспаналы болды

Көкшетауда 200-ден аса отбасы жаңа пәтерге ие болды. Тоғыз қабатты екі жаңа үй облыс орталығындағы Әуезов көшесінде орналасқан. Айта кетейік, аталған игі іс «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасының аясында іске асырылуда.

 
Жаңа пәтерлердің кілті алдымен ІІ Дүниежүзілік соғысқа қатысқан үш ардагерге табыс етілді. Сондай-ақ, өткен жылы «Тұрғын үймен қамтамасыз ету туралы» Заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған 74 жас баспанаға қол жеткізді.
 
 Жаңа қоныс иелерінің қатарында әлеуметтік жағынан аз қамтылған 20 отбасы мен   мемлекеттік және бюджеттік саланың 10 қызметкері де бар.
 
Әуезов көшесінде орналасқан екінші тоғыз қабатты үй түгелдей жас отбасыларға берілді. Пәтер кілтіне ие болғандар мемлекет тарапынан жасалып отырған көмекке дән риза.
 
Нариман Нұржақсин, Көкшетау қаласының тұрғыны:
Жас отбасы ретінде баспанаға қол жеткізіп жатырмыз. Елбасыға рахмет айтамыз. Елімізде осындай үйлер салына берсін.
 
Құрманғали Құлмағанбетов, қалалық Құрылыс бөлімі басшысының орынбасары:
Қазір Көкшетауда 5 мыңнан аса адам пәтер кезегінде тұр. 2020 жылға дейін олардың барлығын баспанамен қамтамасыз ету үшін жылына кем дегенде 500 пәтер берілуі керек.
 
Ерболат ТӨЛЕГЕНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу