АҚШ туристерге COVID талаптарын жеңілдетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ туристерге COVID талаптарын жеңілдетті

03.05.2023

АҚШ туристерге COVID талаптарын жеңілдетті. Мамырдың 12-нен бастап әуежай арқылы келетін шетелдіктерге елге екпесіз кіруге рұқсат берді. Себебі осы күні пандемияға байланысты 3 жыл бұрын енгізілген төтенше жағдай режимі күшін жояды. АҚШ порттары арқылы кіретін шетелдік жолаушылардан да вакцина талап етілмейді. Елдің Денсаулық сақтау департаменті де педагогтар мен медицина қызметкерлерінен міндетті вакцинация талаптарын алып тастау процесін бастамақ. 2021 жылы енгізілген ереже бойынша шамамен 3,5 миллион федералды қызметкер вакцина алуға тиісті болды. Талапты орындамағандар жұмыстан шығарылған. Ақ үйдің хабарлауынша, осы кезге дейін 270 миллионға жуық америкалық COVID-ке қарсы кем дегенде бір рет екпе алған. Жалпы елде жұқпалы індеттен қайтыс болу оқиғасы 95 пайызға азайған. 

Жалғас Сәдібекұлы

Хабарламаларға жазылу