АҚШ бір айдан соң дефолтқа ұшырауы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ бір айдан соң дефолтқа ұшырауы мүмкін

02.05.2023

АҚШ бір айдан соң дефолтқа ұшырауы мүмкін. Себебі, Конгресс ұлттық қарыз шегін ұлғайтуға асықпай отыр. Президент Джо Байден Өкілдер палатасының спикерін ел экономикасының тұралауына жол бермеуге шақырды. Өйткені Үкіметке елдегі қорлардан және шетелден қарыз алуға рұқсат берілмесе, бірнеше аптада жалақы, жәрдемақы мен өзге де әлеуметтік төлемдерді өтейтін қаражат болмай қалады. Десе де, республикалық партияның бақылауындағы Өкілдер палатасы бюджет шығындарын елеулі азайтпай ұлттық қарыздың шегін көтермеуге бекініп отыр. Ал демократтар мұндай шартқа көнер емес. 2011 жылы да, екі жақтың осындай теке-тіресі АҚШ-тың несиелік рейтингі мен инвестициялық тартымдылығының нашарлауына әкелген еді. Байден республикашылардың ұстанымы ел экономикасына қауіп төндіріп, әлем алдында беделін түсіреді деп мәлімдеді. Қазір елдің ұлттық қарыз 31 триллион доллардан асып кетті.

Джо Байден, АҚШ Президенті:

Еліміздің қарызы 200 жылдан астам бойы жиналып келеді. Төрт жыл ішінде Трамп бүкіл мемлекеттік қарызды 40 пайызға арттырды. Ал дефолтпен қорқыту қазір мүлдем жауапсыздық болар еді. Бұл пайыздық мөлшерлемелердің өсуіне, несие карталарының, ипотеканың пайыздық мөлшерін көтеруге әкеледі. Жұмыс істетін орта тап және қарт адамдар қиналып қалады.

Арай Төлеген

Хабарламаларға жазылу