Шымкент қаласында заңсыз жұмыс жасап келген кәсіпкерлік нысандарының иелері айыппұл арқалады. Мегаполисте үйінің алдынан сауда-саттық пен қызмет көрсету орнын ашып алған 200-ден аса азамат анықталды. Жерді мақсатсыз пайдаланғандар есік алдынан көлік жуу орнын салып алса, енді бірі наубайхана, автомобиль жөндеу шеберханасын ашып алған. Бұл азаматтардың бәріне 8 жүздік жер телімі кезінде тұрғын үй салу үшін берілген. Енді кәсіп иелеріне 17 мың мен 51 мың теңге аралығында айыппұл салынады. Заңсыз сауда нысандарына мониторинг жұмысын жүргізу ісі әлі де жалғасуда. Жұмыс тобының құрамында әкімдік өкілдері, Мемлекеттік кірістер басқармасы, құқық қорғау қызметкерлері мен коммуналдық қызмет өкілдері бар.
Есімжан Заңқоев, Абай ауданы әкімінің орынбасары:
Ешқандай да бұл тексеріс емес. Біз кәсіпкерлік нысандарын тексеріп жатқан жоқпыз. Өзімізге белгілі болғанын заңдастыру, салықты көбейту, жерді нысаналы мақсатында пайдалану және ондайлар көбейіп кетпеу үшін.
Ғани Қалмаханов