Измирде сел жүріп, екі адам қайтыс болды
Түркияның Измир қаласында екі күн бойы тоқтаусыз құйған жаңбырдан соң болған селден 2 адам қайтыс болып, ондаған адам жараланды. Көз жұмған екі адамның сел кезінде көліктен шыға алмай тұншығып өлгендері белгілі болды. Табиғи апаттармен күрес басқармасының хабарлауынша Измир қаласы мен маңайындағы елді мекендерде 1700-ден аса үй мен жүздеген автокөлікті су басқан. Баспаналарына су кірген тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді. Қазір апаттан зардап шеккендердің нақты саны анықталып, селден келген шығын есептеліп жатыр.
Естеріңізде болса, өткен жылы қыркүйек айында болған қуатты зілзаладан осы Измир қаласында 117 адам қайтыс болған еді.
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан Болонья Children’s Book Fair жәрмеңкесіне қатысады
15.04.2026, 17:30
Инклюзивті білім беру көрсеткіші 90 пайызға жетті
15.04.2026, 17:29
Ғылым мен медиа саласындағы ЖИ рөлі талқыланды
15.04.2026, 17:27
Ақмола облысында 5 млн 400 мың гектарға дән себіледі
15.04.2026, 17:25
487 жол учаскесінде интернет жоқ
15.04.2026, 17:22
Астана маңындағы ауылдарға газ тартылады
15.04.2026, 17:20
Семейде жазда ыстық су берілетін болды
15.04.2026, 17:19
Шымкентте тарифті негізсіз көтергендер жазаланды
15.04.2026, 17:17