Ақмола облысыда 55 жастағы жұмысшы тоққа түсіп, көз жұмды
Ақмола облысы Зеренді ауданындағы жергілікті қосалқы станциясында 55 жастағы жұмысшы тоққа түсіп, көз жұмды. Әзірге оқыс оқиғаның мән-жайы белгісіз. Қазіргі уақытта сот медициналық сараптама тағайындалған. Сондай-ақ, Бұланды ауданында 54 жастағы күзетші жұмыс орнында жарақат алған. Ол жұмысшылармен бірге астық қоймасын жауып жатқан кезде үстіне темір қоршау құлап кеткен. Салдарынан басы шайқалып, сүйегі сынған. Қазір сотқа дейін тергеу амалдары басталды. Жалпы Ақмола облысында жыл басынан бері жұмыс орындарында 20 адам жарақаттанып, оны қаза тапқан.
Амангелді Смайылов, Облыстық еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма басшысы:
Зеренді ауданында орын алған оқыс оқиға туралы айтатын болсақ, қазіргі уақытта арнайы комиссия құрылды. Біз барлығын жан-жақты қарастырып, ортақ шешім шығарамыз. Егер жұмыс беруші кінәлі деп танылса, бұл іс полицейлерге беріледі. Жалпы Ақмола облысында биыл тіркелген 31 деректің 12-сі жұмыс берушілердің өрескел қателіктерінен туындаған.
Ұмсындық Наурызбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
3. Бір апта ішінде картоп, қырыққабат және алма арзандады
14.08.2026, 11:39
Сайлау-2026: Сарапшылар бағдарламалар мен партиялар арасындағы бәсекелестіктің ерекшеліктерін талқылады
14.08.2026, 10:18
Брюссель алаңына гүлден кілем төселді
14.08.2026, 10:06
Рыбакина Швентекке есе жіберді
14.08.2026, 10:05
Жошы ұлысын зерттеудің жол картасы жасалады
14.08.2026, 10:04
Астанадағы екі мемлекеттік архивке «Ұлттық» мәртебесі беріледі
14.08.2026, 10:02
Солтүстікке 3 мың адам қоныс аударды
14.08.2026, 09:59
Агроэкспорт көлемі рекордтық көрсеткішке жетті
14.08.2026, 09:57