Жаңаөзенде жарылыстан зардап шеккен 2 науқас қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңаөзенде жарылыстан зардап шеккен 2 науқас қайтыс болды

28.04.2023

Жаңаөзенде жарылыстан зардап шегіп, ауыр жағдайда ауруханада жатқан 2 науқас та қайтыс болды.

Оның бірі 51 жастағы тұрғын денесінің 75 пайызын күйік шалып, облыстық ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізілген болатын. Ал екінші науқас 46 жастағы ер адам жарылыстан кейін бетон астында жаншылып, ұзақ уақыт жатып қалған. Оған Жаңаөзен қалалық ауруханада ота жасалып, кейін Ақтауға жеткізілді. Облыстық ауруханада екі науқасқа да жан-жақты медициналық көмек көрсетілген. Тіпті, Ресейлік дәрігерлерден күнделікті кеңес алынып отырған.

Сағат Бітімов, Облыстық аурухана Бас дәрігерінің орынбасары:

ҚР-ның Бас коммустиологы және травмотолог, реанимотологтарын санавиациямен шақырып, науқастарды көріп, ем шаралар жасап көмек көрсетті. Жағдайларының ауыр болуына орай, біз барынша тиісті емдерді көрсеттік, жағдайларының ауыр болуына орай, науқастар қайтыс болды.

Айта кетейік, төтенше оқиға Жаңаөзен қаласында осыдан 11 күн бұрын болды. 12 пәтерлі 2 қабатты үйде газ жарылып, 6 адам қаза тапты. Тағы 13 тұрғын түрлі дене жарақатын алды. Осы оқиға байланысты қылмыстық іс қозғалып, жарылыстың себеп-салдары тергеліп жатыр.

Аягөз Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу