Ақтауда энергокомбинатты жаңғырту жұмыстарына 2,6 млрд теңге бөлінді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда энергокомбинатты жаңғырту жұмыстарына 2,6 млрд теңге бөлінді

28.04.2023

Ақтауда энергокомбинатты жаңғырту жұмыстарына жергілікті бюджеттен 2,6 млрд теңге бөлінді.

Оған су тұщыту зауытында жүргізілетін жөндеу жұмыстарына қажетті жабдықтар алынбақ. Кәсіпорынды модернизациялау аясында ТЭЦ-1 және ТЭЦ-2 қондырғыларында қазандықтар мен турбиналарды жаңарту жоспарланған. Сол үшін республикалық бюджеттен 5 млрд теңгеге жуық қаражатқа өтінім берілген. Айта кетейін, қаланы жылу, су және электр энергиямен қамтамасыз ететін комбинаттың тозығы жеткен. Сондықтан апатты жағдайлар жиіледі. Соңғы рет осыдан 10 күн бұрын өндірістік жұмыс кезінде жабдықтардан ақау шығып, қазандық агрегаттарын уақытша тоқтатуға тура келген. Соның салдарынан облыс көлемінде кей жерлерде электр жарығы өшіріліп, ақтаулықтар ыстық сусыз қалды.

Мұрат Иғалиев, Энергокомбинат басшысының бірінші орынбасары:

80 пайыз бізде тозығы жеткен деп жұмыс жасамай тұрған жоқ. Құрылғылар, қондырғылар бәрі жұмыс жасап тұр. Бірақ та мына жұмысшылардың күшімен соларды жұмыс жасатып, ұстап тұрмыз біз. Әр қондырғының белгіленген уақыты бар.

Аягөз Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу