Ақтөбеде 200-ге жуық адамды алдаған тұрғынға қатысты сот үкімі шықты
Ақтөбе қаласында қаржы пирамидасын құрып, 200-ге жуық адамды алдаған тұрғынға қатысты сот үкімі шықты. Ол 192 тұлғаға 825 миллион теңге шығын келтірген. Сот айыпталушының 2019 жылдың 01 желтоқсаны мен 2020 жылдың 22 ақпаны аралығында ауыр қылмыстық құқық бұзушылық жасағанын дәлелдеді. Оның аса ірі мөлшерде ақшаны тарта отырып, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен қаржы пирамидасын құрғаны және басқарғаны анықталды. Азаматтардан жалпы сомасы бір миллиард теңгеденастам қаржы жинақтары тартылған. Салымшылар 100 мың теңге мен 12 миллион теңге аралығында ақша салған. Қаржы ұйымы негізінен қымбат көліктерді алып, сатумен айналысқан.
Динара Гильманова, №2 Ақтөбе қаласы сотының судьясы:
6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындалсын! Сондай-ақ, коммерциялық және қаржы ұйымдарында 7 жыл мерзімге басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айрылсын. Жаза тағайындау барысында сотталушының шын жүректен өкінуі, асырауында жас баланың болуы және қылмыстық жауапкершілікті ауырлататын мән-жайлардың болмауы ескерілді.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елдегі энергия саласының әлеуеті артады
10.03.2026, 20:56
Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды
10.03.2026, 20:49
Өңір тұрғындары Конституциялық реформаға қолдау білдірді
10.03.2026, 20:16
Шетелге саяхаттау қауіпсіз бе?
10.03.2026, 20:16
Сыртқы Істер министрлігі ескерту жасады
10.03.2026, 20:12
Зейнетақы шотындағы артық ақшаны емге пайдалануға қайтадан рұқсат етілмек
10.03.2026, 20:12
Елімізде былтыр 20 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді
10.03.2026, 20:10
Референдумды 359 халықаралық байқаушы бақылайды
10.03.2026, 20:09