Сенат пен мәслихаттардың байланысы артады
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Алматы облысы мәслихатының депутаттарымен және өңірдің белсенді жастарымен кездесіп, Мемлекет басшысының тапсырмаларына сай жұмыстарды талқылады. Онда Сенаттың мәслихаттармен өзара іс-қимылының жаңа форматы жөнінде сөз қозғалды. Енді Сенат пен мәслихаттардың байланысы күшейе түспек. Осыған орай алдағы уақытта атқарар бірлескен жұмыстың басым бағыттары айқындалды. Жаңа формациядағы заңдарды әзірлеп, қабылдау жұмысына мәслихат депутаттарын белсенді түрде жұмылдыру ұсынылды. Ал сенаторлар өңірлердің даму мәселелеріне баса мән беруге және жүйелі проблемаларды шешуге заңнамалық тұрғыдан ықпал етуі тиіс.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
Заңдарды шығаруға, методикалық көмектерге, жергілікті мәселелерге, өзін өзі басқаруға арналған заңды жетілдіруге байланысты бірге жұмыс істеуге біз дайынбыз. Жалпы өңірлерді қолдау – Сенаттың негізгі басымдылығы.
Азамат Бейбітұлы
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06