Оралда үш адамның мерт болуына байланысты қылмыстық іс қозғалды
Оралда гараж өртеніп, үш адамның мерт болуына байланысты ҚР Қылмыстық кодекісінің 292 бабының 3 ші бөлігі Өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұзу бойынша іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып кетті.
Ардақ Мұратқызы, тілші:
Өрттің себебі әлі нақтыланған жоқ. Куәгерлердің айтуынша, гаражда көлік жөндейтін жеке кәсіп иелері қызмет көрсеткен. Мұнда әуелі газ баллоны жарылғандай қатты дыбыс естілген. Құтқарушылар оқиға орнынан үш мүрдені алып шықты. Олардың екеуі - 1982 жылы туған әйел адам мен 2002 жылы туған ер адамның денесі. Тағы бір ер адамның кім екені анықталып жатыр. Сот-медициналық сараптамаға жіберілген. Өрт болған жердің ауданы - 30 шаршы метр. «Нива» жеңіл көлігі де сау тамтығы қалмай, жанып кеткен. Гараждың қасында тұрған жеке үйдің шатыры да өртенген. Сондай-ақ 4 оттегі баллоны шығарылды.
Абылай Мұхамбетов, Облыстық төтенше жағдайлар департаменті басқармасының бас маманы:
Өрт сөндіруге төтенше жағдайлар департаментінің 23 қызметкері жұмылдырылды. Өрттің шығу себебі мен шығын, кінәлілер анықталуда.
Оқиға орнында полицейлер де жұмыс істеді. Қазір тергеу басталып, сараптамалар тағайындалған. Істің мән-жайы анықталып жатыр.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Үкіметте жазғы лагерьге дайындық пысықталды
27.04.2026, 20:21
ТМД-да теңдесі жоқ TopIQ Smart Class іске қосылды
27.04.2026, 20:19
«Сириус» халықаралық білім беру жобасын іске асыру жалғасып жатыр
27.04.2026, 20:17
50 000 бас мал бордақылауға арналған кешен ашылды
27.04.2026, 20:15
Иттердің адамға шабуылдауы жиіледі
27.04.2026, 20:14
Зиянкестерді улау жұмыстарына дрон қолданылады
27.04.2026, 20:13
«SuperStar KZ» жобасына іріктеу аяқталды
27.04.2026, 20:11
Астанада балалар мінген аттракцион құлады
27.04.2026, 20:10