Петропавлда ел аумағына заңсыз келген балалар анықталды
Петропавлда Қазақстан аумағына Орталық Азия мемлекеттерінің бірінен заңсыз әкелінген балалар анықталды.
Бұл дерек Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Полиция департаменті бірлесіп жүргізген жедел іздестіру шаралары барысында анықталды. Барлығы 7 пәтер тексерілді. Жалдамалы баспаналарда ересектермен бірге 5-15 жас аралығындағы бірнеше баланың тұрып жатқаны анықталды. Кәмелетке толмаған өзге ел азаматтарының республикаға заңды жолмен келгенін растайтын құжаттары болмаған. Олардың қандай мақсатпен шекараны кесіп өткенін тергеу анықтайды. Қылмыстық іс қозғалды.
Нұрбек Баекин, СҚО ПД баспасөз хатшысы:
Жедел-тергеу тобы құрылды. Анықталған тұлғалардан, оның ішінде кәмелетке толмағандардан да жауап алу жүргізілуде, қажетті сараптамалар тағайындалды.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Биыл елімізде алғаш рет қазақы тазы күні аталып өтті
06.09.2026, 20:00
Ерекше қажеттілігі бар балаларды қолдау туралы заң: Неге мән беру керек?
06.09.2026, 19:51
ШЫҰ: Президент Бірыңғай транзиттік цифрлық платформа құру бастамасын көтерді
06.09.2026, 19:47
65 жастан асқан жүргізушілер медициналық тексерістен қалай өтеді?
06.09.2026, 18:44
Үкімет Ұлттық қордан қанша қаржы алуды жоспарлап отыр?
06.09.2026, 18:37
Білімін ел игілігіне арнаған қазақстандық ғалымдар
06.09.2026, 18:29
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09