ЕуроОдақтың бес мемлекеті Украина тауарларын алуды тоқтатты
ЕуроОдақтың бес мемлекеті Украинаның ауылшаруашылығы тауарларын сатып алуды тоқтатты. Болгария, Польша Румыния, Словакия мен Мажарстанның ауыл шаруашылығы министрлері Еуропалық комиссияға хат жолдап, Еуропа нарығын Украинаның импорттық тауарларынан қорғауды талап етуде. Айтуларынша, Украинаның арзан бидайы Шығыс Еуропа елдерінен транзит арқылы өтудің орнына, нарықта сатылымға шығып кеткен. Салдарынан, жергілікті шаруалар астықтықтарын сата алмай, шығынға батуда. Еуропалық комиссия шығынға ұшыраған фермерлерге 100 млн еуро бөлуді ұсынды. Және соғыстан зардап шеккен елдің өнімдерінен бас тартпауға шақыруда.
Михал Кошарек, фермер:
Менің мыңдаған тонна бидайым мен жүгерім сатылмай, қоймада шірудің алдында тұр. Себебі, Украина бидайы баж салығынсыз арзан сатылуда. Еуропалық комиссия бұл елдің тауарларына кедендік квотаны қайта енгізіп, Украина бидайын сатып алудың ортақ механизмін бекітуі тиіс. Әйтпесе, біз құрдымға кетеміз.
Нұрсұлу Қасым
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
2026 жылғы Қысқы Олимпиада медальдарының құны жарияланды
10.12.2025, 13:27
10 боксшымыз ширек финалға шықты
10.12.2025, 13:24
Оралда «Тарихи жады және ұлттық бірегейлік: ғылым мен қоғам диалогы» конференциясы өтті
10.12.2025, 13:21
Клиникалық зерттеулерге венчурлық хаб құру ұсынылды
10.12.2025, 13:18
Қазақстан мен Түркия университеттері ЖИ саласында ынтымақты арттырады
10.12.2025, 13:15
ЕуроОдақ Қазақстаннан аса маңызды шикізат түрлерін алуға мүдделі
10.12.2025, 13:12
Ресейге 5 миллион үнді баруы мүмкін
10.12.2025, 13:09
Иракта су тасқынынан 3 адам қаза тапты
10.12.2025, 13:06