Ақтөбе облысында үш ауыл он күннен бері жарықсыз отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысында үш ауыл он күннен бері жарықсыз отыр

25.04.2023

Ақтөбе облысында үш ауыл он күннен бері жарықсыз отыр. Мамандар жөндеу жұмыстарының ұзаққа созылуын ауа райының қолайсыздығымен түсіндіреді.

Өйткені, жауыннан кейін бірнеше тәулік бойы қатты жел соққандықтан, крандардың жұмыс істеуіне мүмкіндік болмаған. Естеріңізге салсақ, облыста 14 сәуір күні қар аралас жаңбыр жауып, 40 елдімекенде жарық өшіп қалған еді. Бұған дейін олардың 37-іне электр энергиясы біртіндеп берілді. Қазір Ырғыз ауданының Шеңбертел, Жаныс би және Шалқар ауданына қарасты Тұмалыкөл ауылдарында жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр. Аталған елдімекендерде 70 электр бағаны құлаған, тоқ сымдары үзілген. Жауаптылар жағдай ертеңге дейін қалпына келтіріледі, дейді.

Нұрберген Бекеев, облыстық Энергетика және түкш басқармасының бөлім басшысы:

Бүгінгі таңда Жаныс би, Шеңбертал бойынша 12 адам, 4 спецтехника жұмыс істеп жатыр. Қазір резервті линияға қосу бойынша барлық жұмыстар бітті. Жаныс би ауылы бойынша ішкі линияны қарап жатыр. Ішкі электр желілерін. Соларды бітіргеннен кейін кешке дейін қосу жоспарланып отыр.

Жақсыбек Кемал


Хабарламаларға жазылу