Солтүстік Қазақстан облысының 3 ауданында бруцеллез ошағы тіркелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстан облысының 3 ауданында бруцеллез ошағы тіркелді

25.04.2023

Солтүстік Қазақстан облысының 3 ауданында бруцеллез ошағы тіркелді.

Індет таралуының алдын алу мақсатында Қызылжар ауданындағы Байсал ауылында бірнеше көшеде шектеу шаралары енгізілді. Қауіпті аймақтан мал және мал өнімдерін шығаруға тыйым салынды. Айыртау және Ақжар ауданындағы кейбір ауылдарда да шектеу шараларын енгізу қарастырылып жатыр. Қазір ауру мал санитарлық союға жіберілді. Иесіне мемлекет тарапынан өтемақы төленеді. Жұқпа ошағында дезинфекция жүргізілді. Жыл басынан бері жоспарлы диагностикалық зерттеу жүргізу кезінде 58 ірі-қарадан инфекция анықталды. Жалпы 150 мың бас ірі қара мен дәл осынша ұсақ малдан сынама алынды. Өңірдегі төрт түліктің 65 пайызы тексерілді. Диагностикалық зерттеу әлі де жалғасып жатыр.

Нариман Тасболатов, облыстық Ветеринария басқармасының бас маманы:

Бруцеллез созылмалы, адамдар мен жануарларға ортақ ауру. Адамдарға негізі малдан алынатын өнім арқылы жұғады. Сүт арқылы әсіресе. Шектеу іс-шараларына сәйкес, малдарды және малдан алатын өнімді сыртқа шығаруға тыйым салынады.

Эльмира Кәленова


Хабарламаларға жазылу