Шымкентте сот медициналық орталығы газ есептеу құралдарын заңсыз тексеріп келген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте сот медициналық орталығы газ есептеу құралдарын заңсыз тексеріп келген

24.04.2023

Шымкентте сот медициналық орталығы газ есептеу құралдарын заңсыз тексеріп келген. Яғни, әкімшілік, қылмыстық және азаматтық істерге қорытынды берумен шектелмей газ құралдарының техникалық жағдайына да баға берген. Есептеу құралдарының техникалық жағдайын тексеретін 10 компания бұл істен тыс қалған. Бәсекелестікті қорғау және дамыту департаменті тексерген кезде осындай келеңсіздіктің беті ашылды. «Қазтрансгаз» жұмысы күмән тудырған есептеу құралдарын соттың тағайындауынсыз сараптама орталығына тексеруге жіберіп отырған. Кейін осыны негізге алып, тұтынушыларға қомақты айыппұл салған. Тексерушілер қос мекеме арасындағы мұндай келісімнің үкімет қаулысына қайшы келетінін анықтады. Бәсекелестікті қорғау және дамыту департаменті заң бұзушылыққа байланысты сот медициналық сараптау орталығы мен «Қазтрансгаз» мекемесіне ескерту жолдады.

Қанат Жанқалов, Бәсекелестікті қорғау және дамыту департаменті басшысының орынбасары:

Ол хабарламаны сот сараптама орталығы орындады. Алайда «Қазтрансгаз» яғни үшінші тарап онымен келіспей сотқа берді.

Ғани Қалмаханов


Хабарламаларға жазылу