Бүгін футболдан Әлем чемпионаты басталады (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін футболдан Әлем чемпионаты басталады (ВИДЕО)

12.06.2014
Бүгін футболдан Әлем чемпионаты басталады (ВИДЕО)
 
Бүгін футболдан Әлем чемпионаты басталады. Байрақты бәсеке өтетін Бразилия стадиондары тас-түйін дайын дейді ұйымдастырушылар. Дүбірлі доданың ашылу салтанаты Сан Паулу қаласында өтеді.
 
Чемпионаттың ашылу рәсімін «Қазақстан» Ұлттық арнасынан түнгі сағат 00.15-те тікелей эфирде көре аласыздар. Футбол мерекесі шілденің 13-не дейін Бразилияның 12 қаласында өтеді. 
 
Әлемнің үздік деген 32 құрамасы, 8 топқа бөлініп нағыз үздікті анықтайды. Айта кетейік, Әлем чемпионатындағы алғашқы ойынды, яғни Бразилия мен Хорватия кездесуін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде ұсынады.  Ойынға төрелік етуге жапониялық Юити Нисимура шақыртылған.
 
 
Рүстем БАЙДӘУЛЕТОВ

Хабарламаларға жазылу