«Пернесінде сөйлейді ұлы дала». Алматыдағы Орталық мұражайда осындай атаумен көрме ұйымдастырылды. Тарихи тұлғалар, дәулескер күйшілердің домбыралары қойылып, халық аспаптар оркестрі күйден шашу шашты. Шараға танымал күйші-домбырашылар мен ұлттық саз аспаптарын жасайтын қолөнер шеберлері де қатысты.
Жазира Оразқызы, тілші:
Ұлттық өнеріміз дәріптелген шара болғандықтан, мен де осылай киініп келдім. Домбыраға келетін болсақ, мынау - қазақтың өр рухты ақыны, күрескер Махамбет домбырасының дәлме-дәл көшірмесі. Күйші-композитордың ұстаған аспабы ағаш пен жібек жіптен жасалған екен. 13 пернелі, жұмыр шанақты домбыра болған деседі.
Айгүл Үлкенбаева, күйші-домбырашы:
Мынау сол Дина әжеміздің өзі ұстаған домбыраның көшірмесі. Ұлы орындаушыларымыздың түпнұсқа аспаптарының көшірмесін шеберлер жасап, аспапты қолымызға ұстап, үлкен мерекеге айналып жатыр. Ғани Жұмабаев деген шебердің +жасаған домбырасы екен. Мынаны ұстап тұрып, түпнұсқаны ұстап тұрғандай сезімдемін. Көнелілігіне дейін аспаптың, түс-бояуына дейін кетіп қалған өрнегіне дейін дәл келтіру дегеніңіз үлкен шеберлікті талап ететін нәрсе ғой. Шын айтсам, осындай домбыраны өзім де үйімде ұстағым келеді. Қызығып тұрмын. "Шынар" деген күйі Динаның.
Жазира Оразқызы, тілші:
Ұлын ақын Абайдың, Құрманғазы, Ақан сері, Жамбыл Жабаев, Қазанғаптың домбыралары, 2 домбыра ортекесімен. Алматыдағы Орталық музей осындай құнды жәдігерлермен толықты. Жақын уақытта сіздің де келіп тамашалауға мүмкіндігіңіз бар.
Жазира Оразқызы