Жаңаөзендегі апаттан баспанасыз қалған отбасыларға пәтер беріле бастады
Жаңаөзенде жарылыстың салдарынан баспанасыз қалған отбасыларға пәтер беріле бастады. Қазіргі таңда 2 адамға жаңа баспаналары рәсімделді. Қалғандарына да беріледі. Ол үшін отбасындағы адам санына қарай екі бөлмелі 2 пәтер, үш бөлмелі 5 және бес бөлмелі 2 пәтер сатып алынған. Айта кетейін, Жаңаөзенде екі қабатты тұрғын үйде газ жарылып, тоғыз жанұя зардап шеккен болатын. Апаттың салдарынан олардың баспаналары тұруға жарамсыз болып қалды. Сондықтан Президенттің тапсырмасымен зардап шеккендер пәтермен қамтылуда. Ал жарылыс болған үйде қазір сарапшылар жұмыс істеп жатыр. Сонымен қатар газ мекемесінің мамандары көгілдір отыннан уақытша ажыратылған үйлерге қайта қосып жатыр.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Туристер туроператор таңдағанда, нені ескеруі қажет?
14.05.2026, 10:22
Донор болуға келісім беретіндер жыл сайын артып келеді
14.05.2026, 10:21
Круиздік лайнерде норовирус табылды
14.05.2026, 10:20
Трамп пен Си Цзиньпин арасында келіссөздер басталды
14.05.2026, 10:19
Балаларға арналған интернеттегі қауіпсіздік жадынамасы жарияланды
14.05.2026, 10:17
Мектептерде цифрлық сауаттылық және жасанды интеллект пәндері енгізіледі
14.05.2026, 10:16
Қазақстан интернет жылдамдығы жағынан ТМД елдері арасында үздік үштікке кірді
14.05.2026, 10:13
Сенат отырысында бірқатар құжат мақұлданды
14.05.2026, 10:12