Абай облысында биыл әскерден жалтару фактілері тіркелмеген
Абай облысында әскер жасындағы 2 мыңдай азаматтың 700-і Шекара қызметі, Ұлттық ұлан, Қазақстанның қарулы күштері мен күзет қызметіне сарбаз болып қабылданады. Қорғаныс істері департаменті мамандарының мәліметінше, облыста биыл әскерден жалтару фактілері тіркелмеген. Керісінше, жастардың белсенділігі артып келеді. Солардың бірі егіздер - Ерасыл мен Нұрасыл Абақовтар жоғарғы оқу орнын тамамдаған. Инженер-механик мамандығын игерген олар, бірден азаматтық борышын өтеуге бел байлапты. 22 жастағы жігіттер тиісті тексерулерден өтіп, сарбаз атануға сақадай сай.
Нұрасыл Абақов, әскерге шақырылушы:
Әр азамат Қазақстанда жүргеннен кейін, отандық борышын өтеуге міндетті деп ойлаймын. Әскерден қашпай барған дұрыс. Тексеруден өттік. Семей қаласындағы ракета бөліміне барғалы отырмыз.
Қанат Шәріпханов, Абай облысы Қорғаныс істері департаменті бастығының орынбасары:
Ең бірінші қолдарына повестка бергенен кейін, медициналық комиссиядан өтеді. Одан өткеннен кейін психологиялық тесттен өткізіп, мандатный комиссияға жарамды екенін танып әскерге жібереміз.
Ержан Жақып
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елдегі энергия саласының әлеуеті артады
10.03.2026, 20:56
Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды
10.03.2026, 20:49
Өңір тұрғындары Конституциялық реформаға қолдау білдірді
10.03.2026, 20:16
Шетелге саяхаттау қауіпсіз бе?
10.03.2026, 20:16
Сыртқы Істер министрлігі ескерту жасады
10.03.2026, 20:12
Зейнетақы шотындағы артық ақшаны емге пайдалануға қайтадан рұқсат етілмек
10.03.2026, 20:12
Елімізде былтыр 20 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді
10.03.2026, 20:10
Референдумды 359 халықаралық байқаушы бақылайды
10.03.2026, 20:09