«Құрылыс жұмыстары сылбыр жүріп жатыр», - осылай деген үйлері өртенген тараздықтар құрылыстың қарқынына риза емес.
Айтуларынша, өрт болғалы бір апта өтсе де шатырды жабу жұмыстарының басталар түрі жоқ. Үй төбесі ашық жата берсе, жаңбыр суы төменге тағы өтеді деп қорқады. Тұрғындар әкімдік тарапы жағдаймызға байланысты материалдық көмек көрсетпеді деп отыр. Мешіт тарапынан берілді деген қаржыны да жоққа шығарды. Ал өрттен қатты бүлінген бесінші қабатттағы 26-шы пәтердің тұрғындары жалдамалы пәтерлерде тұрып жатыр.
Гаухар Үсіпова, Тараз қаласының тұрғыны:
Әкімшілік жұмыс істеп жатыр деді. Жаңада шығып қарадым, төбеде көрінбейді, 3 адам ғана көрінеді, болды. Істеп жатқан жоқ, ертең жаңбыр жауған жағдайда менің үйім қайтадан су, көл болады. 5 пен 4-ші қабатқа 380 мың бөлінді деп айтыпты. Ешқандай да бөлінген жоқ, көрген де жоқпыз.
Ал жергілікті билік тарапы екі апта уақыт сұрап отыр. Мердігер өз жұмысын мінсіз атқарады деп сендірді. Әзірге өрттің шығу себебі анықталмаған. Өткен сенбіде Төле би көшесіндегі ескі жатақхана шатырынан шыққан жалын 800 шаршы метр аумақты түгел алып кеткен еді. Бес қабатты тұрғын үйде 133 пәтер бар.
Асанәлі Түкібаев, тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы:
Бүгінгі таңда енді 15-20 пайыздай жұмыс істелініп қойды. Жалпы бір 15-20 күн уақытта бүкіл шатыры жабылып, жұмыс аяқталады.
Данияр Әлімқұл