Бельгияда қан тапшы
Бельгияда қан тапшы. Тұрақты донорлардың саны соңғы екі жылда күрт азайған. 11 млн халқы бар мемлекетте тұрғындардың тек 3-5 пайызы ғана қан тапсырады. Ақ халаттылар мен қызыл крест ұйымының өкілдері осыған алаңдап отыр.
Нұрсұлу Қасым, тілші:
Қазір B+тобындағы қан ғана жеткілікті. Сирек қан топтарының қоры түгесілген. «Осы айға ғана жетеді»,-деп дәрігерлер дабыл қағып, БАҚ арқылы халықты белсенді түрде қан тапсыруға шақыруда. «Қызыл крест» ұйымының қан тапсыру орталықтары жылына ауруханаларды 500 мың пакет қанмен қамтамасыз ететін. Биыл жыл басынан бері қан қоры 15 пайызға, ал тұрақты донорлардың саны 20 пайызға қысқарған.
Эстер Нейенс, Бельгия «Қызыл крест» ұйымы жетекшісінің көмекшісі:
Соңғы кездері ковид, тұмаудың кесірінен тұрақты донорлардан айырылдық. Қан қорының азаюы қасіретке әкелуі мүмкін. Емдеу мекемелерінің күнделікті сұранысын қанағаттандырып қана қоймай, қан қорын көбейту үшін жылда жаңадан 20 мың донор қажет.
Донорлардың қатарын арттыру үшін оларды бір күн жұмыстан босатып, ақшалай ынталандыру сыйақысы тағайындалса, дейді дәрігерлер. Жалпы, Бельгияда денсаулығы жақсы 18 бен 65 жас аралығындағы азаматтар қан тапсыра алады. Жүріп-тұруы қиын немесе жұмыстан ұзап шыға алмайтындардан медбикелер көшпелі станция арқылы қан қабылдап жатыр.
Нұрсұлу Қасым
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
2026 жылғы Қысқы Олимпиада медальдарының құны жарияланды
10.12.2025, 13:27
10 боксшымыз ширек финалға шықты
10.12.2025, 13:24
Оралда «Тарихи жады және ұлттық бірегейлік: ғылым мен қоғам диалогы» конференциясы өтті
10.12.2025, 13:21
Клиникалық зерттеулерге венчурлық хаб құру ұсынылды
10.12.2025, 13:18
Қазақстан мен Түркия университеттері ЖИ саласында ынтымақты арттырады
10.12.2025, 13:15
ЕуроОдақ Қазақстаннан аса маңызды шикізат түрлерін алуға мүдделі
10.12.2025, 13:12
Ресейге 5 миллион үнді баруы мүмкін
10.12.2025, 13:09
Иракта су тасқынынан 3 адам қаза тапты
10.12.2025, 13:06