Алматыда «әуежайды басып алу» ісі бойынша сот жалғасуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «әуежайды басып алу» ісі бойынша сот жалғасуда

18.04.2023

Алматыда «қаңтар оқиғасы» кезінде әуежайды басып алу ісі бойынша сот жалғасуда. Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта бүгін оқиға куәгерлерінен жауап алынды. Авиациялық қауіпсіздік қызметі мамандарының сөзінше, әуежайға шабуыл жасалған күні олар №5 бекетте тұрған. Кешкі сағат сегіз шамасында нысанға 70-80 адам баса-көктеп кірген. Барлығы бетперде тағып алған. Ары қарай айқай-шу басталып кеткенін айтқан.

Еске салсақ, қаңтар оқиғасы кезінде әуежай бір апта бойы жұмыс істемеді. Нысанға шабуылдаушылар жалға алушылардың сауда дүңгіршектерін қиратып, әйнектер мен бейнекамераларды сындырған. Қазір бұл іс бойынша 5 адам айыпталып отыр.

Қуан Нұрақын


Хабарламаларға жазылу