Елімізде өндіруші ретінде тіркелген жүздеген кәсіпорын алыпсатар болып шықты
Елімізде өндіруші ретінде тіркелген жүздеген кәсіпорын алыпсатар болып шықты. Мұны халықаралық машина жасаушылар одағы анықтады. Олар мұнай-газ саласына қажетті қосалқы бөлшек жасай алатын зауыт іздеп, ел ішін аралаған. Мақсаттары ірі компаниялармен келісімге отыруға көмектесу. Зауыттардың жұмысын тежейтін негізгі кедергі – нарық. Олар өнімін ел ішіне ғана сата алады. Ал экспортқа шығару үшін халықаралық талаптарға сай 250 миллион доллар тұратын сертификат алулары керек. Қазір ақысын азайту жұмыстары қарастырылып жатыр. Бұдан өзге Қазақстандық өндірушілер салықтық жеңілдіктерге де ие болуы мүмкін.
Марат Кәрімов, Халықаралық Машина жасаушылар одағының бас директоры:
Қазақстанда тауар шығаратын кәсіпорындардың тізімін алдық та кім қағаз түрінде шығарам деді бәріне бардық. Оның ішінде кейбіреулері шығармайтын болды. Сатушы болып шықты. Кейбіреу шығаратын болды. 120-дан астам кәсіпорынды араладық. Қазіргі таңда соның ішіндегі жоғары әлеуеті бар тауарларды шығароатын 6 кәсіпорынға жеке даму жоспарын дайындап біттік.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құлсарыда жаңа теміржол вокзалы ашылды
21.10.2026, 17:25
Ақмола облысының жастары саятшылыққа әуес
21.10.2026, 17:20
60 велошабандоз көк байрақпен Алматыны шарлады
21.10.2026, 17:19
«Атамекен» әнін 460 оқушы бірге шырқады
21.10.2026, 17:18
Республика күніне орай сауда орталықтары акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 17:17
Жамбылдық зейнеткер құс өсіріп, табыс тауып отыр
21.10.2026, 17:15
Елордалық цирк маңайы абаттандырылды
21.10.2026, 17:13
Петропавлда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 100 көшет егілді
21.10.2026, 17:12