Астанада ақылы автотұрақ туралы келісімнің заңдылығы тексеріледі. Премьер-Министр Әлихан Смайловтың төрағалығымен өткен отырыста «Астананың ақылы автотұрақ кеңістігін құру, пайдалану және басқару» жобасы талқыланды. Оны жүзеге асыру үшін елорда әкімдігі 2018 жылы «Астана автотұрақ кеңістігі» серіктестігімен келісімшартқа отырған. Сол құжаттың аясында тиісті заң нормаларын сақтау, оның ішінде монополияға қарсы реттеу тұрғысынан талдау тапсырылды.
Азамат Бейбітұлы, тілші:
Мынау ақылы автотұрақ. Жана ғана санап шықтым, 18 көлікке шақталған. Бос орын жоқ. Астанада осындай 6500 орындық ақылы автотұрақ бар. Күн сайын тақыр жерден миллиондаған табыс тауып жатыр.Бірақ, сол милииондардың тек 5 пайызы мемлекетке түседі. Ал қалған 95 пайызы жекеменшікке кетеді.
2018 жылдан 2022 жылдың желтоқсан айына дейін солай еді. Кейін сәл оң өзгеріс енгізілді. Енді «Астана автотұрақ кеңістігі» серіктестігі табыстың 95 пайызын емес, 75 пайызын алатын болды.
Гүлбану Әбенова, тәуелсіз журналист, қоғам белсендісі:
Сол ақша біздің қалаға, жолға жұмсалуы керек. Басқа бір адамның жеке қалтасына бармау керек. Және заңды ма, заңсыз ба мен оны білмеймін. кейде бір жерге барасың 200 теңге төлейсің, кейде бес минутқа 100 тг төлейсің, аэропортта вообще мыңнан асып кетті. Сондықтан тәртіп пен заңды болса деп тілеймін.
Әкімдік пен серіктестік арасында жасалған келісім-шарт бойынша қалада 10 мың орын ақылытұрақ жоспарланған. Демек, әлі де көбейе беруі мүмкін.
Мысалы, осы жерде мекемелер көп қой түсінуге болады. ал, қаланың ішінде, үйлердің қасында қою дұрыс емес деп ойлаймын.
-Қазір келеміз, не істейміз, қай жерге қоямыз? Төлеуден қашып жатқан жоқпын. Казір іздеу керек, жүру керек. Негізі өз басым қарсымын.
-Парковканың условиясы болса қарсы емеспін. Бірақ, жағдай жоқ.
Ақылы автотұрақта көлігіңіз зақымданып қалса тұрақ иесі жауап бермейді. Бірақ, әр сағатқа ақшасын алады. Сонда мұндай тұрақ не үшін керек?
Тұрсынғали Жәкенов, қалалық әкімдіктің Көлік және жол-көлік инфрақұрылымы басқармасының бөлім басшысы:
Ақылы тұрақты енгізудің негізгі себебі көше жол желісіне жүктемені азайту. Және қаладағы тұрақтардың айналымын көбейту. Ең басты мақсаты осы.
Жоғарыда айтқанымыздай, серіктестік табыстың басым бөлігін иеленіп жатыр. Оған қандай негіз бар десек, әкімдегілер автотұрақты іске қосуға мемлекет тарапынан қаржы жұмсалған жоқ дейді. Сонда жеке компания тақыр жерге бір құрылғы орнатып қыруар қаржыға кенеліп жатыр. Қалай болғанда да, ақылы тұраққа қатысты күмән көп дейді сарапшылар. Үкімет те авто тұраққа қатысты келісім-шарттың заңдылығын тексеруді бекерден-бекер қолға алмаса керек.
Азамат Бейбітұлы