СҚО-да желшешек ауруы өршіп тұр
Солтүстік Қазақстан облысында желшешек ауруы өршіп тұр. Тек соңғы 3 айда қауіпті дерт 1 мыңнан астам адамнан анықталған. Олардың 90 пайызы 14 жасқа дейінгі бала. Инфекциялық аурудың көрсеткіші, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, 3 есе көп. Мамандардың айтуынша, желшешек ауа тамшылары арқылы таралады. Облыс бойынша 21 балабақшаның жекелеген топтарында карантин енгізілді. Карантиндік шаралар соңғы науқас оқшауланған күннен бастап 21 тәулікке жалғасады. Ауырғандардың 61 пайызы Петропавл қаласында тұрады.
Айнаш Сағындықова, Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы:
Карантин енгізілген ұжымдарда кәдімгі дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі, күн сайын. Сосын бөлмені желдетіп отырады. Қолдарын жиі жуып, жеке бас гигиеналарын балалардың қадағалап отырады, дұрыс сақтауын.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қоқыс полигондарының 80%-ы санитарлық талаптарға сай емес
07.04.2026, 20:57
Конституцияны түсіндіру жұмысы жаңа қарқын алады
07.04.2026, 20:52
Азия чемпионаты: Сегіз боксшымыз финалда
07.04.2026, 20:50
Жоғалған балалар бірнеше күннен бері табылмай жатыр
07.04.2026, 20:14
Соңғы 3 жылда терезеден 104 бала құлап, көз жұмды
07.04.2026, 20:10
Тегеран Трамптың шарттарын орындаудан бас тартты
07.04.2026, 20:10
Бензин бағасы бақылауда
07.04.2026, 20:08
Алматыда самокаттардың тең жартысы айып тұрағына қойылды
07.04.2026, 20:08