Абай облысында 5 жылда 120 миллион көшет отырғызылады
Абай облысындағы «Семей орманы» табиғи орман резерватында алдағы 5 жылда 120 миллионға жуық қылқан жапырақ пен ағаш отырғызылады. Қарағай көшеттерін егу жұмыстары бүгін басталды. 700 мың гектар аумақты алып жатқан алқаптың басым бөлігінде 25 жыл бұрын қатты өрт болған. Мемлекеттен қомақты қаржы бөлініп жыл сайын өңірдегі бірегей саналатын қарағайлы орманды қалыпқа келтіру жұмысы қолға алынды. Президент тапсырмасына сай 2025-жылға дейін еліміздегі ормандарда 2 миллиард жасыл желек егілуі тиіс. «Семей Орманында» көшеттерді дайындайтын 8 заманауи тұқымбақ бар. Ондағы қор қызыл жалын шарпыған жерлерді толықтай қалыпқа келтіруге жеткілікті, дейді мамандар.
Нұржан Бақтыбеков, орманшы:
1997 жылы үлкен өрт болған кезде көп жерлер өртеніп кеткен. Сол өртеніп кеткеннен бері жылда орманды молайту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жылдан-жылға салынатын аудан азайып келеді. Былтыр мысалға келтірсек, көктемде 251 гектар салынған болатын. Жұмыс көп әлі де. 10 жыл, 20 жыл керек негізі.
Ержан Жақып
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Silk Way Star байқауының екінші маусымы басталды
07.09.2026, 10:43
Қазақстан тарихының көптомдығын баспаға дайындау жұмыстары пысықталды
07.09.2026, 10:40
Президент Валерий Михайловты 80 жылдық мерейтойымен құттықтады
07.09.2026, 10:31
Талдықорғанда IT мамандарын даярлауға арналған білім кампусы ашылды
07.09.2026, 10:03
Ақмола облысында алтын өңдеу фабрикасының құрылысы басталды
07.09.2026, 10:01
Германияда су тапшылығы күшейді
07.09.2026, 10:00
Индонезияда жанартау атқылап, 8 әуежайдың жұмысы тоқтады
07.09.2026, 09:59
Мал ұрлығы: 460-қа жуық күдікті ұсталған
07.09.2026, 09:59