Каратэшілер Жапонияда өткен әлем чемпионатынан жүлдемен оралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Каратэшілер Жапонияда өткен әлем чемпионатынан жүлдемен оралды

13.04.2023

Отандық киокушинкай каратэшілер Жапонияда өткен әлем чемпионатынан жүлдемен оралды.

Спортшыларымыз бұл жолы ел қоржынынын 1 алтын, 1 күміс және 2 қола медальмен толтырды. 4 жылда бір өтетін халықаралық дода биыл 8-9 сәуір күндері Канагва қаласында ұйымдастырылып, оған 25 елдің каратешілері қатысты.

Айта кету керек, осы жолғы байрақты бәсеке әдеттігдей 4 жылда емес, пандемияға байланысты 6 жылдан соң жалауын көтерді.

Тәжімұрат Найзабеков, «Бүкілқазақстандық киокушинкай каратэ» РҚБ президенті:

Қарсыластарымыз мықты болды. 6 жыл бойы дайындалған. Олардың мықтап дайындалған себебі, Қазақстан 7 жыл бойы жүлделі орындарды бермей келеді. Ең соңғы Еуропа чемпионатын басып өттік.

Нұрсұлтан Тілектес


Хабарламаларға жазылу