Астанада ғылым күніне орай, еліміздің ғалымдары бас қосып, іргелі ілім жолындағы ізденістер бойынша тәжірибе алмасып, өзекті мәселелерді талқылады. Мерекелік шараға премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов те қатысты. Ол бүгінде мемлекет тарапынан ғылымды дамытуға күш салынып жатқанын, Президент тарапынан қолдау арта түскенін айтты.
Ал министр Саясат Нұрбек ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің мән-маңызы мен миссиясын тарқатып айтып, ғылымды дамытудың негізгі бағыттарына тоқталды. Жиын барысында ғалымдар да сөз сөйлеп, салаға серпін берудің, шетелдік тәжірибе мен трендттерді тиімді пайдаланудың жолдарын баяндады. Сондай-ақ кәсіби мерекелеріне орай бірқатар ғалым мен ғылыми қызметкерлер марапатталды.
Әлібек Шоқпаров, Қ.Сәтбаев атындағы университеттің проректоры:
Баршамызға мәлім, үлкен ізденістер, үлкен ғылыми жұмыстар тек ғана қаржыландыру мәселесі шешілген кезде ғана дами алады. Өйткені ол арнайы лобараториялар керек немесе бізді арнайы кадрларды шетелдік мамандарды шақырумен бірігіп өткізу керек. Қазіргі таңда үлкен іс-әрекет жасап жатыр. Ғылым және жоғары білім министрлігі. Өте үміттеміз.
Азамат Бейбітұлы