«XVІ-XIX ғасырлардағы еуропалық және америкалық карталардағы Қазақ мемлекеті» атты галерея ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«XVІ-XIX ғасырлардағы еуропалық және америкалық карталардағы Қазақ мемлекеті» атты галерея ашылды

13.04.2023

Брюссельде «XVІ-XIX ғасырлардағы еуропалық және америкалық карталардағы қазақ мемлекеті» атты галерея ашылды. Еуропалық парламенттің ғимаратындағы көрмені еліміздің Бельгиядағы елшілігі ұйымдастырған. Ғалым Мұхит-Ардагер Сыдықназаров 17 жылдық зерттеуінің нәтижесінде Еуропа мен Американың 1500-ге жуық картасында Қазақ мемлекеті белгіленгенін анықтаған. Көрмеде сол құнды жәдігерлер еуропалықтардың назарына ұсынылды. Шетелдік картографтар мен саяхатшылар карталарда дербес мемлекеттің Еуропа елдерімен саяси, мәдени, дипломатиялық қатынасы қалай дамығанын да жазған. Құнды деректерді ғалым АҚШ пен Еуропа мұрағаттарынан, үздік кітапханаларынан тапқан.

Мұхит-Ардагер Сыдықназаров, филология ғылымдарының кандидаты:

Әрбір ортағасырлық карта - Қазақ мемлекетінің, қазақ елінің, мемлекеттігіміздің төлқұжаты. Еуропалықтар бүгін өздері таңқалып отыр. Өйткені олар бұрын білмеген, осы карталарда 500-600 жыл өтті. Солардың ата-бабалары, дипломаттары, саяхатшылары біздің қазақ мемлекетін егжей-тегжейлі, біздің топонимиямызды, гидрономия, ономастикамызды барлығын нақты көрсеткен.

Карстен Люкке, Еуропалық парламенттің депутаты:

Бұл - өте маңызды көрме. Әрі еуропалықтар, жастар үшін Қазақстанның тарихын, мәдениетін, тілін, тұрмысын тереңінен тануға зор мүмкіндік. Тарихқа терең бойлау арқылы біздің қатынасымыз онан әрі күшейе түсетіні сөзсіз.

Нұрсұлу Қасым


Хабарламаларға жазылу